ДИКТОР: Сыбайлас жемқолыққа қарсы арнайы құрылған «Саналы ұрпақ» студенттік клубтар слетінің нәтижелері белгілі болды. Аталған іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қолдауымен ұйымдастырылды.

СНХ: АЙДОС ЖАҚИЯЛИН, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына айтарлықтай кесірін тигізуде. Жастар – ел тіреуі. Сіздерге үлкен үміт артылып отыр. Нақты осы жастар сыбайлас жемқорлықтан азат қоғам құрып, мемлекетіміздің өркендеуін қамтамасыз ете алатын аға буынның мұрагері болуға тиіс. Сондықтан ерте жастан бастап Отанға деген сүйіспеншілікті, айналасындағыларға, салт-дәстүрге деген сыйластықты, білім мен еңбекке талпынысты, адалдық пен әділдікті бойға сіңіру қажет.

РКС: Бұл сайысқа 14 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің командасы, екінші орынды Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі иеленді. Ал бас жүлдені Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледж студенттерінің командасы ұтып алды. Облыстық «Саналы ұрпақ» слетінің барлық қатысушыларына Алғыс хат пен арнайы сыйлық табысталды.

СНХ:ОРЫНБЕК ӘЛІМЖАНОВ, «САНАЛЫ ҰРПАҚ» КЛУБЫНЫҢ МҮШЕСІ: Саналы ұрпақ слеті білімімізді, өзіміздің мамандығымыздың былайша айтқанда тәжірибемізбен бөлісіп, өзімізідің қаншалықты жақсы дайындалғанымызды көрсетуге керемет мүмкіндік болды. Және де, біз өзіміздің еңбегіміздің жемісін көрдік. Бүгінгі осы слетта бас жүлдеге ие болдық. Слеттағы былайша айтқанда, көптеген үйкеліс осы қазақ тілі мен қазақ тарихына жасалды. Мұндай әдебиет пен тарихқа, дәстүрге деген үйкеліс әрине қуантпаса, бақыт құшағына кеңілтпесе, мұңайтпайтыны сөзсіз деп ойлаймын.

РКС: Қазіргі жастардың жоғары моральдық негіздері, берік азаматтық ұстанымы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың тұрақты дағдылары болуы тиіс,-дейді Айдос Жақиялин. Бұл іс-шара сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарасы мен өмірлік қағидаттары бар өскелең ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсері сөзсіз.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ДАРХАН МҮЖІБЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ