ДК: Көкшетау қалалық соты 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарды. Өңірлік коммуникациялық қызыметінде өткен кездесуде сот төрағасы Қазбек Дегенбаев жүрналистер сұрағына жауап берді.  Толығырақ әріптесіміз Жанерке Төлен баяндайды.
 
РКС: Статистикалық деректер бойынша 238 қылмыстық іс, 427 құқықтық жаза материалы -, азаматтық құқықтық материалдар бойынша -2563 іс  тіркелді. Сотқа жүгінбес бұрын тұрғындар дау-дамайды «Бітімкершілік жолмен, яғни орталық барып шешсе, тиімді болады дейді сала мамандары. Егер мәселе күрделі болса, әрине сот төрелігіне жүгінеді. 
 
СНХ: ҚАЗБЕК ДЕГЕНБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Жоғарғы Сот үкімі бойынша, тергеу-тексеру істері бойынша 10 күн ішінде қаралады. Қазіргі таңда, 2022 жылдың 9 айында тараптардың татуласуына байланысты 8 қылмыстық және 393 азаматтық іс тіркелді.  Азаматтық істер бойынша татуластық тараптары көбейгені соттың жұмысын жеңілдетеді.
 
СНХ: СЕРЖАН ҚОЖАМҰРАТОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: Толықтыра кетсем, тараптардың бітімкершілікке келу мәселе бойынша, жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші,+скл бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Көкшетау қаласының тұрғындарына және сотқа жүгінген тұрғындарға айтатын болсақ, бітімкершілікке келу орталықтарыжұмыс істеуде.+2022 жылдың ішінде 2260 талап түскен, оның ішінде 1645материал қаралған және шешім қабылданған.+скл Азаматтық істер бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда 6-7 пайызға төмендеді.
 
РКС: Әрине, билік айту оңай, біліп айту қиын-демекші, әділ төрелігін айтатын кез-келген судья үшін қаситетті парыз. Ол үшін тек Заң білу жеткіліксіз. Бастысы сот төрағасы адал, ақ болуы шарт.Сонымен қатар, жауапкершілік әрбір азаматтың мойнында екенін ұмытпаған абзал.
 
ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ