РКС: Шығыс жекпе-жек өнері ел тәуелсіздік алғалы қанатты қарқынмен дамып, қазақ спортшылары каратэнің бірнеше түрі бойынша әлемдік додаларда дараланып көзге түсуде. Спорттың бұл қиын да қызықты түрімен Ақмола облысының көптеген қалалары мен аудандарында мыңдаған өрен тұрақты айналысуда. Ел кубогын сарапқа салатын мәртебелі жарыстың ашылу рәсімінде жанкүйерлер алдында спорттың осы түрін жанына серік еткен ұландар өнер көрсетті.

СНХ: ОМАРХАН ӨКСІКБАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИОКУШИНКАЙ-КАН КАРАТЭДЕН ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ///

РКС: Жылына бір мәрте өтетін Қазақстан Республикасының кубогы облыс командаларының алдағы жауапты жарыстарға дайындығын сараптаумен қатар құрамаға қабылданатын үміткерлерді іріктейді.

СТЕНД-АП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, РЕДАКТОР   ////

СНХ: ЕРАСЫЛ МОЛШЫЛЫҚ, ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ /АҚМОЛА ОБЛЫСЫ/// Мен Шортанды аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде каратэмен айналысамын. Бірнеше мәрте облыс жүлдегері болдым. Бүгінгідей байрақты бәсекеге бірінші рет қатыстым. Мында ең мықты каратэшілер келген екен. бапкерімнің ақыл-кеңесін бұлжытпай орындап, жеңіске жеттім. ///

РКС: Тартысты өткен сайыстар барысында алаң иелері ақмолалықтар Қазақстан Республикасының кубогын жеңіп алды. Екінші орынды  батыс қазақстандықтар еншіледі. Нұр-Сұлтан қаласынан келген каратэшілер үшінші жүлдені қанағат тұтты.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ