ПӘРМЕНДІ ПІКІР | Аслан Нұрқанов - 19.11.2026
Өткен жылы мұз қату кезеңінде мұз астына түсіп кеткен екі бала құтқарылды. Өкінішке орай, жұқа мұз үстінде балық аулау кезінде бір адам қаза тапты. Қолданыстағы қауіпсіздік қағидаларына сәйкес, мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін кемінде 10 сантиметр, ал автокөлік өткелдері үшін кемінде 25 сантиметр болуы тиіс. Алайда мұздың қалыңдығы барлық жерде бірдей болмайтынын ескерген жөн. Әсіресе ағысы бар жерлерде, көпірлер мен қамыс маңында мұзға шығу қауіпті. Құрметті ата-аналар, балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаңыздар. Ал балықшыларды жұқа мұз үстіне шықпауға, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Төтенше жағдай орын алған жағдайда, дереу 112 нөміріне хабарласыңыздар. Жұқа мұз адам өміріне қауіп төндіреді. Балық аулау немесе ойын адам өмірінен қымбат емес. Өздеріңіз бен жақындарыңызды сақтаңыздар.