ДИКТОР: Көкшетауда этно-стильдегі көрме өтті. Ұйымдастырушылар бұл шараның көрсетіліміне екі жыл дайындалған. Авторлық жұмыстарды жасөспірімдер бейнелеген. Өнерді бағалаушылар мен олардың ата-аналары бұл шараға суретшілер мен жетекшілердің қызу дайындығы туралы жылы лебіздерін жеткізді.

РКС: Этнокөрмеге 20-ға тарта жұмыс қойылды. Бейнеленген картиналарда өскелең ұрпақтың көзқарасы мен сезімдері көрініс тапқан.

СНХ: АНАР САТТЫБАЕВА, «ГРАНАТ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ СТУДИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жобаның ерекшелігі – балалар этностилистиканы заманауи жанрда беруге тырысқандығында. Тағыц бір атап өтерлігі, осы еңбек арқылы табыс табуға да мүмкіндіктің ашылғанын айтуға болады. Қазір әлем бойынша ерінбеген адамға табыс көзін табуға ыңғайлы заман. Суретші кедей деген ұғым өткеннің еншісінде қалып кетті. Дәл қазір суретшілер ақша табудың көзін біледі. Мен өскелең ұрпаққа осыны айтқым келеді.

РКС: Картина авторы Рабиға Саликова өз туындысын «Атамұра» деп атапты. Бойжеткен Қазақстанның сан қырлы табиғаты мен мәдениетін ғажайып етіп бейнелеген. Суреттегі таулар, жазық даладағы тамырын тереңге жайған ағаштар қазақ халқының қайсарлығы мен қажыр-қайратының символы іспетті. Ағаш тамырлары көне түркі нақыштары мен мәдени элементтерді кескіндеген. Ежелден келе жатқан ата-бабадан қалған мұраны білдіреді. Рабиға бұл жұмысқа жарты жыл уақытың кеткенін айтады.

СНХ: РАБИҒА СӘЛІКОВА, КАРТИНА АВТОРЫ: Мен бұл суретті салған кезде, біздің дәстүріміздегі өзіндік бояулардың маған қаншалықты қатты ұнайтынын сезіндім. Сөйтіп, соның бәрін өз суретімде бейнелеуге тырыстым. Қазақстанның көрікті жерлері, Отанымның мәдениетіне қатысты дүниелер бейнеленген. Мәселен, арулар тұрмыс құрған кезде басына киетін сәукеле олардың сұлулығын көрсетсе, домбыра – біздің ұлттық аспабымыз.

СНХ: ЕЛЕНА МАЩИНСКАЯ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Кез келген туындыға дұрыстап үңіліп қарайтын болсаңыз, балалардың өз суретін қалай сипаттағанын көресіз. Жүрек елжіремеуі мүмкін емес. Бұл суреттерде зор махаббат пен терең мағына жатыр. Сондықтан мен «Гранат» шығармашылық студиясына шығармашылық шабыт тілеймін. Осындай қызықты жобалары көп болсын. Шынында да, бүгінгі заман бәрін өз жүрегіңмен сезіне білуге үйретеді.

РКС: Көрмеге қойылған туындыларды тамашалаған соң, іс-шара көрсетіліммен аяқталды. Облыс орталығының тұрғындары жас өнерпаздардың қолынан шыққан ұлттық бұйымдарды сатып алып жатты.

ИНТЕРШУМ:

МАФТУНА НАЖИЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАИРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ