ДИКТОР: Көкшетауда ұлттық спорт түрлері кеңінен таралғанын байқауға болады. Солардың бірі – жекпе-жек. Бұл спорт түріне өңір ұлдар-қыздарының қызығушылығы жоғары.

РКС: Кейбіреулер үшін бұл жаңа спорт түрі болғанымен, оның тарихы тереңде жатыр. Ертеде қазақ даласында түрлі қақтығыстар кезінде бірге-бір шығып мықтыны анықтап, мәселені шешкен.

СНХ: НҰРБОЛАТ ЖҰМАБЕК, СПОРТШЫ: Жекпе-жекпен айналысып жүргеніме екі ай болды. Маған бұл спорт түрі ұнайды, өйткені бұнда күрес бар, мен күресті өте жақсы көремін. Жекпе-жекте қоян-қолтық ұрыстың да әдістері бар. Мұнда, сіз үздіксіз, үнемі қозғалыста боласыз, тоқтамай күресесіз. Регина Александровна осы спорт түріне келуіме себепші болды. Мен ол бапкерді қатты құрметтеймін.

РКС: Бұрын бұл спорт түрімен тек ер адамдар айналысса,бүгінде қыздар да ұлдармен бірдей жаттығады.

ИНТЕРШУМ

СНХ: ЭЛИНА ПАНЬКИНА, СПОРТСМЕНКА: Мен №11 гимназия мектебінде оқимыз. Әскери-медициналық курсты аяқтап жатырмын. Өткен жаздан бері қоян-қолтық ұрыспен айналысып жүрмін. Маған бұл спорт түрі ұнайды, өйткені ол ең алдымен тәртіп пен мінезді қажет етеді. Жарыстарға шыққан ұнайды. Қоян-қолтық ұрыспен айналысқанда біз өзін-өзі қорғауды үйренеміз.

РКС: Барлық спортшылар «Жекпе-жек» жаттықтырушысы Регина Максимованың кәсіби жұмысын атап өтті. Оның жаттықтырушы болып жүргеніне 5 жыл болды. Ол осы ұлттық спорт түрінен спорт шебері атанған.

ИНТЕРШУМ

СНХ: РЕГИНА МАКСИМОВА, ЖЕКПЕ-ЖЕК БАПКЕРІ: Қазіргі уақытта Жекпе-жекте үлкен тобым бар. Балалармен бірге өнер көрсетеміз. Мен өзім белсенді спортшымын. Бірнеше рет жекпе-жек турнирлерінде жеңімпаз атандым. Жекпе-жек соққы беретін, ұрыс техникасы бар спорт түрі. Тиісінше, ережелер өте қатаң. Аралас жекпе-жек өнері деуге де болады. Бұл шын мәнінде өте қиын спорт түрі. Себебі бұл жерде қолғаптан басқа қорғаныс жоқ.

РКС: Айта кетерлігі, ұлттық спорттың қажетті деңгейге көтерілуі үшін мемлекет тарапынан қолдау қажет. Барлық қажетті құрал-жабдықтары бар жаңа спорт залдарының салынуы өскелең ұрпақтың ұлттық спортқа, жалпы салауатты өмір салтына деген қызығушылығының артуына оң әсерін тигізеді.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ