ДИКТОР: Валерий Гагиев өңірдің «Үздік жас дәрігері». Ол «Jas Aqmola» байқауында жеңіске жетті. 15 номинация бойынша өткізілген сайысқа 6 ақ халаттылар қатысқан. Жеңімпаз атанған жас маман бүгінде қалалық көпбейінді ауруханада уролог-дәрігер болып жұмыс істейді.
ИНТЕРШУМ
РКС:Бұл жас дәрігердің жұмыс барысынан үзінді. Мұнда ақ халатты қуықалды без ауруының отасын жасап жатыр. Айтуынша, бұл дертке көбіне 50 жастан асқан ер адамдар шалдығады.
СНХ: ВАЛЕРИЙ ГАГИЕВ, УРОЛОГ-ДӘРІГЕР: Операция 1-1,5 сағат жүргізіледі. Науқас ота жасалғанан кейін 3-4-ші тәулікте шығарылады. Бұдан бөлек, урологиялық операцияның бірнеше түрін жасаймыз. Атап айтқанда, нефропексия, зәрді ұстамауды емдеу операциясы.
РКС: Басшысының кеңесімен байқауға қатысуға ниет білдірген Валерий үздік атанатынын ойламапты. Мұндай байқаулар жас мамандарды одан әрі ынталандырады, - дейді ол.
СНХ: ВАЛЕРИЙ ГАГИЕВ, УРОЛОГ-ДӘРІГЕР: Әрине, өңірде жас мамандарға көрсетіліп жатқан қолдау қуантады. Бұл біз үшін өте маңызды. Ары қарай еңбек етіге ынталандырады. Жалпы, уролог-дәрігер боламын деп 2-ші курста шештім. Бұл бағыттың үздік мамандары әсер етті. Олардың ортасында жүргесін, бұл мамандыққа деген сүйіспеншілігім одан сайын артты.
РКС: Жалпы, Валерий Гагиевтің қалалық көпбейінді ауруханада еңбек етіп жүргеніне 1-ақ жыл болыпты. Осы уақыт ішінде 300-ден астам ота жасап үлгерді. Айта кетейік, кей урологиялық операциялар шаһарда бұрын соңды жасалмаған.
СНХ: СӘКЕН ҚАЛЫМЖАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұрын урология бөлімшесі 2 орынға шақталған. Валерий Гагиев келгелі 10 төсек орынға дейін көбейді. Жас дәрігер нефроптоз, нефропексия және қуық тастарына ота жасайды. Бұл дерттер біздің өңірде жиі кездеседі. Бұдан бөлек, Валерий Валерьевич емханада қабылдау жүргізеді. Яғни, түрлі патологиялары бар науқастарды қабылдайды. Жалпы, пікірлер жақсы. Бір жылдың ішінде дәрігер жақсы көрсеткіштерге ие болды.
РКС: Валерий Гагиевтің арманы асқақ. Жас дәрігер болашақта несеп тас ауруына арналған ота жасамақшы. Айтуынша, Көкшетауда бүйрек тастарына операция жасалмайды. Алайда, бұл дертке шалдығатын науқас саны өте көп. Сондықтан қазір емдеу мекемесі қажетті жабдықтарды сатып алу үшін сметалық құжаттама әзірлеп қойыпты.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ