Диктор: Қорғалжын өңірі жауырыны жер искемеген балуандарымен танымал. Соңғы жылдары жергілікті жасөспірімдер теңбіл доп тебуге машықтанып, талай жарыстарда жүлделі орындарда көрініп жүр.

РКС: Қорғалжын аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде футбол үйірмесінің ашылғанына біраз жылдар болды. Жетістіктері де ауыз толтыра айтарлық. Ауыл аймақ өрендері де спорттың осынау түріне қызығушылық танытуда.

СНХ: ӘДІЛХАН ӘЛИЕВ, АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өзіміздің жеке дара залымыз болмағандықтан арендада жұмыс істейміз. Бірнеше ауылда филиалдарымыз ашылды. Олар спорт залы бар елді мекендер. Мүмкіндігінше жарыстарға шығып тұрамыз.

РКС: Қорғалжын ауылының жасөспірім футболшылары жергілікті Агротехникалық колледжінің спорт залында жаттығады.

СНХ: ЕРЛАН ҚЫЛЫШБЕК, БАПКЕР: 2023-шы жылдан бастап Қорғалжын балалар спорт мектебінің футбол бөлімінде жаттықтырушы болып жұмыс істеймін. Бүгіндері қарамағында 20-дан астам шәкіртім бар. Жарыстарға барып тұрамыз. Талай мәрте жүлдегер атандық.

ЕСТЕСТВЕННЫЙ ШУМ

СНХ: МЕЙІРХАН КӘРІМОВ, ФУТБОЛШЫ: Үшінші сыныптан бастап футболмен айналысып жүрмін. Бапкерім Ерлан ағай доп тебудің қыр-сырын үйретуде. Мен өзім шабуылшымын. Команданы алға тарту – міндетім.

РКС: Қасиетті Қорғалжын жерінің жасөспірім футболшылары саналуан жарыстар арқылы жетіліп, үлкен жеңістерге ұмтылуда.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.