ДИКТОР: Облыс орталығында раллиден Қазақстан чемпионатының кезекті кезеңі өтті. Қопа көлінің жағалауында демалыс күндері еліміздің әр түкпірінен жиылған қатысушылар жүлделі орындар үшін бақ сынасты. Темір тұлпарлар жарысы жайлы тілші баяндасын.


РКС: Өткен сенбі қала тұрғындары мен қонақтары үшін керемет демалыс болды. Өйткені еліміздің түкпір-түкпірінен Қопа көлінің жағалауына қысқы ралли жарысына қатысушылар жиылды. Қардан жасалған арнайы жолдарды көргенде шетелдің үлкен жарыстарын көзбен көргендей боласың. Қазақстан Республикасы Чемпионаты мен Кубогының екінші кезеңіне Ақмола облысы 6 экипаж дайындапты.

СНХ: НҰРПЕЙІС ҚОҢЫРБАЕВ, АВТОМОТОСПОРТТАН ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Сайысқа еліміздің 10 өңірінен 38 экипаж қатысып жатыр. Кіл мықтылар жингалған деп айтуға болады. Нағыз бәсекелестік болғалы тұр. Соңғы секундтың өзі жеңіс әкелуі мүмкін. Жарысты ұйымдастыру шарасы мойындарына алған Ақмола облысы мен қалалық әкімшілікке алғысымды айтамын.

РКС: Автомобилистер «темір тұлпарын» өзінің қиялына сәйкес жасақтай алады. Оның бәрін өз қолдарымен жасайды, әрі қаражатты да өз қалтасынан шығындайды. Жарыста көлікке бір ғана талап қойылады-көліктің доңғалағы қысқы болуы шарт. Оған ешқандай өзгеріс енгізуге болмайды. Автожарыстың әр метрі алдын ала тексерілген, қатысушылардың жолында арнайы учаскелер мен уақытша белгілер кездеседі. Сайысқа қатысушылар жарыс алаңының сапасы мен оның аумағына жоғары баға берді.

СНХ: ФЁДОР ПАНОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ:///АУДАРМА///Мен өзімнің туған қаламмен мақтанам. Қаланың қақ ортасында орналасқан су айдыны бізде ғана бар шығар. Қояндыдағы өзеннің ені мен ұзындығы өте тар. Ол жерде аса алысқа ұзай алмайсың. Павлодарға келсек, табиғаты керемет, онда да біздегідей кең емес. Мына біздің табиғатты қарасаңызшы, алаң да үлкен, мына түтін аздап сейілсе, керемет көрініс.

РКС: Ауа райының қолайсыздығы жарысқа қатысушылардың көңіл-күйіне еш әсер еткен жоқ.

ИНТЕРШУМ: ЖАРЫСТАН ҮЗІНДІ

РКС: Жарыстың салтанатты ашылу рәсімін тамашалауға келгендердің қарасы қалың. Көпшілігі көлікті қызықтап, суретке түсіп жатса, енді бірі жарысқа қатысушылармен танысуға асықты. Көкшеліктер үшін мұндай оқиға өте сирек болады. Өйткені, раллиден Қазақстан чемпионаты Ақмола облысында екінші рет қана ұйымдастырылып отыр. Жарысқа қатысушылар мен жиналған қауым алдында еліміздің автомотоспорт федерациясының басшылығы сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.

СНХ: ВЛАДИМИР БОРОДИН, ҚР АВТОМОТОСПОРТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ: Ұйымдастырушылар мен Көкшетау қаласының басшылығына алғысым шексіз. Мынадай теп-тегіс жол жасап қойыпты. Спортшылардың бәрі өте жақсы дайындық жасап бергендері үшін ризашылықтарын білдіріп жатыр. Облыс әкімінің өзі келіп, құттықтап жатқаны спортшыларға үлкен жігер берді деп айтсақ болады. Көкшетау автомотоспортының тарихы тереңде жатыр, сондықтан жоғары дәрежеде қолдау да лайықты деңгейде екенін айтқым келеді.

РКС: Көкшетаудан Шәкәрім Уканов пен Виталий Качигаров артқа жүретін автокөліктер арасында үшінші орынды иеленді. Ал астаналық Андрей мен Әлия Амелиндер жеңімпаз атанды. Екінші жүлде алматылық Петр Бородин Роман Чепрасовтарға бұйырды. Сондай-ақ астаналық Санжар Умаров пен Әлібек Әубәкіров қола жүлдегер атанды.

РАУЗА ТӨЛЕУЖАНҚЫЗЫ, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ