ДК:Облыстық көпбейінді аурухананың онкологиялық бөлімшесінде қатерлі ісік ауруларының алдын алу және ерте анықтау мақсатында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. 40-тан астам қала тұрғыны консультативтік қабылдаудан өтті. Естеріңізге салсақ, 4 ақпан - Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні.

РКС:Онколог дәрігер қабылдауға келген әр адамға консультативтік кеңес берілді. Мұндай іс-шара тұрғындарды онкологиялық аурулардың алдын алу шаралары жөнінде хабардар етуге бағытталған. Қабылдауда 42 адам қаралып, оның төртеуінде онкопатологияға күдік анықталды.

СНХ:БОЛАТ ӘБІШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Ақмола облысы онкологиялық аурулардың деңгейі жоғары бес облыстың қатарында. Себебі бізде 65 жастан асқан егде жастағы адамдардың үлесі көп. Сондықтан онкологиялық аурулар жөніндегі мәселе жылдар бойы өзекті болып қала береді. «Ашық есік күні» аясында тұрғындарға барлық негізгі мамандардың консультативтік қабылдауын ұйымдастырдық. Яғни, бұл маммолог, хирург және гинеколог. Кез келген ем алушының кеңес алуға мүмкіндігі бар.

РКС:Сондай-ақ, осы іс-шараның арқасында 13 адамда қатерлі ісікке дейінгі ауру белгісі бар екені анықталды. 20-дан астамында басқа да патологиялар бар. 3 жылда облыс бойынша онкологиямен сырқаттанған науқастардың саны артып келеді. Бірінші орында - өкпенің қатерлі ісігі. Сарапшылар бұл дерт темекі шегетіндердің 90 процентке жуығында анықталатынын атап өтті. Екінші орында-онкогинекологиялық аурулар.

СНХ:ТАҢЖАС ЕЛҚОНДИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ОНКОГИНЕКОЛОГЫ: Біз 13 әйелді қабылдадық, оның ішінде жатыр мойны эрозиясы бар 5 әйел анықталды. 25 жастан 60 жасқа дейінгі нәзік жандыларға анализ тапсыру үшін биоматериал тапсыруды ұсынамыз. Жатыр мойны обырының ауруы асқынып кеткен жағдайлар өте көп, оларға арнайы емдеу шараларын өткізу қажет. Жатыр мойны обырын анықтау қиындық тудырып отыр. себебі, кадрлар мен бақылау бөлмелерінің жетіспейді.

РКС:Айта кету керек, елімізде онкологиялық көмек көрсету шараларын жаңғырту және дамыту жөніндегі жаңа кешенді жоспар әзірленді. Жоспар аясында қатерлі ісікке қарсы күрес жөнінде түрлі іс-шаралар, сондай-ақ онкологиялық орталықтарға арналған жабдықтарды сатып алынады және емдеу мекемелері жаңғыртылмақ.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, РАХАТ СӘЛЕЕВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.