ДК: Бүгін жеңілдетілген автонесиеге өтінім беру басталды. Ол autonesie.kz платформасында жүзеге асты. Бірінші минутта сайтқа 125 мың адам кірген. 18 секундта бағы жанған 761 қазақстандық өз өтінішін тіркеді.

ИНФОГРАФИКА: Жобаға жауаптылардың айтуынша, арнайы сайт ай сайын белгілі тәртіппен жұмыс істейді. Сондықтан бүгін тіркеле алмаған азаматтар келесі айда өтінім бере алады. Бағдарлама шартында бастапқы жарна жоқ, ал жылдық мөлшерлеме төрт процент. Несие көлемі 10 миллион теңгеден аспайды. Қарыз 7 жылға дейін рәсімделеді. Алатын көліктің құны 15 млн теңгеден жоғары болмауы керек. Платформаға тек Қазақстан аумағындағы азаматтар тіркеле алады.

ГРАФИКА:

БАҒДАРЛАМА ШАРТТАРЫ:

АВТОМОБИЛЬДІҢ ҚҰНЫ 15 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСПАУЫ ТИІС

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 10 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСПАЙДЫ

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МЕРЗІМІ 7 ЖЫЛҒА ДЕЙІН БЕРІЛЕДІ

БАСТАПҚЫ ЖАРНА 0%

СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ –ЖЫЛДЫҚ 4%

СНХ:БЕЙБІТ АХМЕТОВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы айға бөлінеген лимит таусылды деп айтса да болады. Тұтынушылар бұл жолы ілікпесе, келесіде өтуге мүмкіндігі бар. +скл+ Егер ол тізімге іліксе келесі қадам банкке бару. Несиеге өтініш береді. 15 минуттың ішінде өтініш мақұлданып, 5 күн ішінде ақша автосалонға жіберілетін болады.

РКС: Платформаға тіркелгеннен кейін өтініш беруші автосалонға және банкке барып, рәсімдеу жұмыстарын жалғастырады. Осы платформа арқылы тіркелген азаматтарға 60 күннің ішінде автокөлік алуы тиіс.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ