ДК:Шетелдік автокөліктерді заңдастыру акциясының алғашқы 10 күнінде облыс бойынша 2 мыңнан астам азамат өтінім жіберген. Қала тұрғындарының арасында бір емес, бірнеше көлігін рәсімдегендері де бар. Солардың бірі-Мәдибек Шоқаев. Ол Армениядан әкелген 4 бірдей темір тұлпарын заңдастырып алған.

РКС:«Toyota Alphard» «Toyota Camry» «Honda Elysion» маркалы автокөліктердің иесі аталмыш акцияны 4 жылдай күтті. Заңдастыру басталғанда алғашқылардың бірі болып өтінім берген. Тексерістен еш кедергісіз өтіп, қазақстандық нөмірлердің иесі атанды. Мәдибек Шоқаевтың шағын кәсібі болғандықтан, бұл темір тұлпарлар жұмыс барысында аса қажет.

СНХ: МӘДИБЕК ШОҚАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Заңдастыруды көп күттік енді. Сыбыс басталғаннан бастап. Басында өте көп сұрақ болды. Сенбедік. Қазір енді Құдайға шүкір, біздің мемлекет басындағыларға рақмет. Қуанышымызда шек жоқ. Қазақ нөмірлерін алып жатыр барлығы.

РКС:10 күннің ішінде облыс бойынша 500-ден астам темір тұлпар заңдастырылды. Оның 450-ге жуыға Ресейден әкелінсе, қалғандары Армения, Грузия мен Монғолиядан жеткізілген. Көлік құралын тексерістен өткізіп, қайта тіркеу ұзақ уақытты талап ететін жағдайлар да орын алып жатады. Кей кезде техникалық қиындықтар туындаса, кейде автомобиль жүргізушілерінің құжатында қателіктер кездесетіні тағы бар.

СНХ:АСЛАН БҰҚАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Барлық мәселелерге қатысты күн сайын мониторинг жүргіземіз. Қиындықтар туындаса, бірден шешуге тырысамыз. Қазіргі уақытта техникалық қиындықтар туындап, автокөлік иелері бір емес, екі емес, бірнеше рет өтінім береді. Кей кезде тіпті 10 рет қайтара өтінім жібергендер де бар. Алайда мәселе туындаса, бірден сол жерде шешуге тырысамыз. Заңдастырудың алғашқы күнінде 20-30 көлік тіркеуден өтсе, қазіргі кезде күніне 70-80 темір тұлпарды тексерістен өткіземіз.

РКС:Естеріңізге салсақ, күні кеше ғана Қазақстан бойынша көлігін заңдастырған 10 мыңыншы азамат Көкшетау қаласында тіркелді. Шетелдік автокөліктерді заңдастыруға қатысты республикалық акция 1 шілдеге дейін жалғасады.

ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ