ДК: Центральный көшесіндегі 43-ші үйдің жертөлесі суға толып кетті. Бұл мәселе бүгін ғана орын алып отырған жоқ. Қолқаны қапқан иіс берекесін қашырған тұрғындар енді кімнен көмек сұрарын білмейді. Елдің мұң-мұқтажын тілшіміз Салтанат Сәрсембайқызы тыңдап келді.

СНХ:ТҰРСЫН СЫЗДЫҚОВА, ТҰРҒЫН:  Бұл үйде көбінесе тұратын қарт адамдар. Денсаулықтары жоқ. Мынау бірінші қабатта тұратын көршім баласы 1 группадағы мүгедек.  Үйлер сырость,қабырғалары бәрі. Балалар бар.+скл+03:05 Астымыз суға толды. Су шыға береді. Қай жерден келіп жатқаны белгісіз.

РКС: Бұл Роза Күтенованың пәтеріндегі көрініс. Қабырғалары түсіп, іргетасы ыдырауға жақын. Жыл сайын қайталанатын көріністен зейнеткер әбден мезі болған. 10 жылдан астам әкімдіктің табалдырығын тоздырған тұрғын күндіз күлкі,түнде ұйқыдан айырылған.

СНХ: РОЗА КҮТЕНОВА, ТҰРҒЫН: 16 жыл бойы менде ғана емес, осы үйдің барлық тұрғынының басындағы мәселе. Пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Дымқылданып кете береді. Еденге бір рет құм төседім. Мен бірінші қабатта тұратындықтан пәтерімнің қабырғалары жарылып, түсқағаздар түсіп жатыр. Осы мәселемен құзырлы органның бәріне бардым. Ешкім шешкен жоқ. Өзім зейнеткермін. Енді қалай өмір сүремін?

СНХ: АЛЛА ГРИГОРЬЕВНА,ТҰРҒЫН: Мен бұл үйдің тұрғыны ретінде комиссия құруды сұраймын. Үй ескі емес, 2007 жылы салынған. Жертөлені үнемі су басып кетеді. Терезелерді ашу мүмкін емес, өйткені кәрізден шыққан жаман иістен тұншығып кетуге болады.

РКС: Жауапты мамандар түсіру тобы келгеннен кейін ғана іске кіріскен. Тұрғындардың бір ғана тілегі судың қайдан келіп жатқанын анықтап берсе екен дейді. Осы үйдің кейбір пәтерлері қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мекемесінің балансында тұр.

СНХ:ЖАННА ӘБДІРАХМАНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: Жертөле инженерлік желілеріне «Зерен плюс» серіктестігі қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда судың қай жерден кетіп жатқаны анықталып жатыр. Жұмыс әлі жалғасады.

РКС: Қазіргі таңда суды сору жұмыстары жүріп жатыр.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ