ДИКТОР: Қоғамдық тәртіпті сақтау – жауапкершілігі мол жұмыс.Өңірдің полиция қызметкерлері өз міндетін жоғары деңгейде атқарып келеді. Халқымыздың бейбіт өмір сүріп, өз елінің болашағына сеніммен қарауы полицейлердің адал қызметіне байланысты.

РКС: Күн сайын №8 учаскелік пунктіне тұрғындардан 20-ға жуық өтініш келіп түседі. Бұл көбінесе тұрмыстық жанжал,ұрлық немесе бұзақылық жағдайлары. Серікбай Шашкенов полицияда 10 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Ол 10-нан астам қылмысты ашқан. Алғыс хаттары да аз емес. Өткен жылы 1,5 жасар баланы құтқарып қалған. Бірден ана мен баланы ауруханаға жеткізген.

СНХ: СЕРІКБАЙ ШАШКЕНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ: Баланың температурасы көтерілді. Тынысы тарылды. Уақытты жоғалтпау үшін мен қызметтік көлікке отырғызып, 7 минут ішінде ауруханаға жеткіздім. Онда оған алғашқы көмек көрсетілді. Содан кейін ол тағы 10 күн ауруханада болды. Қазіргі уақытта біз бір-бірімізді көріп тұрамыз. Баланың жағдайы жақсы.

РКС: № 8 учаскенің жергілікті полиция қызметі бөлімінде бүгінде 4 адам жұмыс істейді. Тәртіп сақшылары күн сайын құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін .

СНХ: МАРАТ ҚҰРМАНҒОЖИН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Ол кез-келген жұмысты жауапкершілікпен атқаруға тырысады. Сол үшін көбісі алғыс айтып жатады. Кез-келген уақытта да көмек көрсетуге дайын.

РКС:Облыс бойынша 320 учаскелік полиция инспекторы мен 50 көмекшісі жұмыс істейді. Өңірде учаскелік 189 полиция пункті және ауылдық 10 бөлімше бар.

САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, АЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ