ДИКТОР: Қаңтардың 6-сынан 7-сіне қараған түні православ дініндегілер үшін қасиетті мереке Рождество тойланды. Осыған орай Көкшетау қаласында орналасқан шіркеуге жүзден астам адам жиналды. Сондай-ақ, ғибадатханаға келген қадірлі қонақтардың арасында облыс әкімі Ермек Маржықпаев, өзге конфессия өкілдері де болды.
РКС: Рождество православиеліктер үшін қасиетті мереке. Бұл күні аймақта орналасқан шіркеулерде салтанатты іс-шара өтеді. Қасиетті мерекелік шара бұл шіркеуде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Салтанатты шараға Серапион мырза да келіп, жиналған қауымды қасиетті мерекемен құттықтады.
СНХ:СЕРАПИОН, АҚМОЛА ЖӘНЕ КӨКШЕТАУ АРХИЕПИСКОПЫ: Бүгін біз үшін аса қасиетті мереке. Сондықтан осы ғибадатханаға жиналып отырмыз. Өзінің ұлылығы мен сұлулығының арқасында біздің өңірде жақсылыққа жаны құмар мейірімді жандардың көп екенін аңғарғандаймыз. Облыс әкімі Ермек Боранбайұлы бұл шіркеудің құрылысының аяқталуына зор үлес қосты. Ризашылығымызды білдіреміз.
РКС: Бұл шіркеу осыдан бір жыл бұрын пайдалануға берілді. Бүгінде православие дініндегі қала тұрғындарының көбі осы ғибадатханаға келіп, құлшылық етеді. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Рождество мерекесіне қатысып, барлық христиндарды қасиетті мейраммен құттықтады.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Құрметті ақмолалықтар, жерлестер. Сіздерді православиелік христиандардың ұлы жарқын мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Христиандардың басты және сүйікті мерекесінің бірі-дәл осы Рождество. Бұл мейрам жүректерді қуанышқа бөлеп, жарқын үміттерге жетелейді. Елімізде дінге еш шектеу жоқ. Сондықтан христиандар мен мұсылмандардың мерекесі кең көлемде аталып өтіледі.
ИНТЕРШУМ: Ғибадат
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»