ДИКТОР: Халықты еңбекпен қамту мәселесі өзекті. Жыл басынан бері өңірде 19 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылған. Бұл жақсы көрсеткіш,-дейді сала мамандары. Дегенмен бұл жерде барлығы зейнетақы аударымдарына келіп тіреледі. Тұрғындардың еңбекпен қамтылғаны сол төлемдер арқылы ғана расталады. Биыл ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде жұмысқа тұрған 5 мың адамның 3 мыңына ғана міндетті зейнетақы жарналары түсіп жатыр.

РКС: Өңірде бұл көрсеткіш 77 процент. Бұл жақсы нәтиже. Дегенмен Қосшы қаласы мен Біржан сал ауданындағы жағдай мәз емес. Бұл мәселе Бурабай ауданы мен Степногорск қаласында да бар.

СНХ:ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Бұл жердегі жағдай мәз емес. Жұмысқа тұру бөлек, алайда оны зейнетақы аударымдары арқылы растай алмай отырғандар да көп. Оның себебі неде?Біз тек осы міндетті жарналарға сенуіміз қажет. Мұндай барлығы айқын көрсетіліп тұр.

СНХ: ДОСТАНБЕК ЕСЖАНОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:  Бізде жоспар бойынша 76 процент. Бұл мәселені осы айдың соңына дейін шешеміз. Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз.


РКС: Бүгінде өңірде 29 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Оның 7 мыңға жуығы көшелерде немесе нысандарға емін- еркін кіре алмайды. Оларға ыңғайлы жағдай жасау қажет. Қазіргі уақытта облыста 219 нысан бейімделген. Дегенмен бұл жұмыс мұнымен тоқтап қалмайды,-дейді сала мамандары.

СНХ:ШОЛПАН РАХМАТУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Биыл 258 нысанды бейімдеу жоспарланған. Алайда, бүгінде оның 85 процентін ғана орындадық. Қазіргі уақытта Есіл ауданындағы жағдай мәз емес. 18 нысан бейімделмеген. Қараша айындағы деректерге сүйенсек, 10 мыңнан астам оңалту құралымен қамтамасыз етілген.

ТАҚЫРЫБЫ: ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

РКС: Қыс мезгілі қарлы-боранды болады,-дейді сала мамандары. Сондықтан автожолдардағы қауіпсіздік мәселесі аса өзекті. Бүгінде өңірде қыс мезгілінде төтенше жағдайға тап болған адамдарға арналған 268 жылыту пункті бар. Сондай-ақ, автожолдарда адамдарға шұғыл көмек көрсететін 3 медициналық-құтқару пункті жұмыс істеп тұр.

СНХ:НҰРЛАН АТЫҒАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПРАТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Қыс қарлы-боранды болады. Дегенмен автожолдардағы жағдай мәз емес. Мәліметтерге сүйенсек, қар тазалау, эвакуациялық, инженерлік техникалардың саны азайған. Сондай-ақ, бензин, дизел отындарының аздығы да байқалады.

РКС: Өңірде өрт қауіпсіздігі талабын бұзудың 8 мыңнан аса дерегі анықталған. Жыл басынан бері облыс аумағында 807 өрт оқиғасы тіркелді. Қызыл жалыннан 22 адам қаза тапқан. Бүгінде мұндай жағдайдың алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар қолға алынып отыр. Осы кезеңде 200 мыңнан аса адам қамтылған.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»