ДК: Темір жол дірілінен электр қуатын өндіру. Ақмолалық жас өнертапқыш осындай экологиялық жоба дайындады. Тың жобаны әзірлеуге 1 жылға жуық уақыт кеткен. Облыс орталығында өткен экологиялық жобалар сайысында ол өз жұмысын ұсынып, байқаудың бас жүлдесін қанжығалады.

РКС: Диасәлі шаһардағы Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алады. Оны жастайынан осы тақырып қызықтырған. Темір жолдағы электр қуаты мен дірілін жан-жақты зерттеп, арнайы құрылғы ойлап тапқан.

СНХ: ДИАСӘЛІ КӘРІМ, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ: Қазіргі кезде темір жолдардан электр алу үлкен мәселе болып табылады. Барлық темір жолдардың 20 пайызы ғана электроландырылған. Міне осы мәселені шешуде менің құрылғым көмектеседі. Құрылғы электро магниттік кондукция принціпін де жұмыс істейді. Яғни темір жолдағы дірілдерді катушка арқылы магниттік желіден өтіп, энергияға айналады.

РКС: Ал, Жақсы ауданынан келген Жасмин Ибрашева пластик қалдықтарын кәдеге жаратуды машықтанып алыпты. Бүгінде ол пластиктен түрлі бұйымдар жасайды.

СНХ: ЖАСМИН ИБРАШЕВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:  Мен мектеп ішіндегі балалардан пластиктерді қайда жаратасындар деп сұхбат алған едім. Мен олардан арнайы акция ұйымдастырып бір пластик бөтелкесін 25 теңгеден сатып алдым. +скл+Қазіргі таңда пластикадан сәндік сырғалар, гүлдер және осындай май шам ыдыстарын жасаймын

РКС: Жалпы эклогиялық байқауға 60-тан аса жоба ұсынылған. Ақтық сынға тек соның 10-ғана өтіпті. Өз кезегінде ұйымдастырушылар жастардың қызығушылығын ерекше атап өтті.

СНХ: МӘРИЯМ ӘБІШЕВА, «KAZAKHSTAN INNOVATIONS» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бұрындары осындай сайыстарға көбінесе кәсіби мамандар мен ғалымдар қатысатын. Ал, соңғы жылдары жастардың үлесі артты. Яғни сайыстың сапасы мен қатар жастардың да қызығушылығы да көтерілді деуге болады

РКС: Ақтық сынға өткен жасөпірімдер құр алақан қайтпайды. Сайыстың жүлде қоры 750 мың теңге. Яғни әр қатысушыға жұмысына тиесілі қаражат бөлінді. Айталық, бұл байқаудың басты мақсаты аймақтағы «жасыл экономиканы» дамытып, жастардың белсенділігін арттыру болып табылады.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»