ДК: Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Ол шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, оқушыны тәрбиелейді. Өз ісінің үздігі, білікті маман мадақ-марапатқа бөленді. Құрметті ұстаз, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы Гүлжанат Серкешбаев жақында 50 жылдық мерейтойын атап өтті. 

РКС: Қазіргі қоғамда балалардың білімі басты назарды. Еңбек өтілі 30 жылға жеткен Гүлжәнат Серкешбаева бала кезінде сот төрешісі болуды армандаған. Бірақ, ата-ананың парасаттылығымен мұғалім мамандығын таңдады. Қазіргі таңда Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінде ұстаздық етеді.  Ол өзінің білім беру жүйесінде тәрбиенің маңызды екенін айтады. 

СНХ: ГҮЛЖӘНАТ СЕРКЕШБАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫӘрбір сабақта ұлы Әл-Фарбидің” тәрбиесіз берген білім адамзаттың қаш жауы” деген ұлағатты сөзін берік ұстанамын.Себебі қазіргі қоғамда жалған тәрбие беру мүмкін емес. Әрбір сабағымда білім мен тәрбиені қатар алып жүру шарт. Сонда ғана қоғамда парасатты, көрегенді, сана сезімі жоғары, рухы биік ұрпақтар өсетіні хақ. //08:45//Қазіргі қоғамда жастардың жан дүниесін түсініп, бірге сырласа білмесен, бірге ойнап-күлмесен, жан сарайына ене білмесен оларға білім беру оңай емес. 

РКС: Ұстаздарға құрмет әрдайым жоғары болған. Ал ол  берген  тәрбие  жол  сілтер  шамшырақ. Мұғалімнің тәлім-тәрбиесі мен ұлағат тұнығынан сусындаған шәкірт өзінің тілегін арнады. 

СНХ: АРУЖАН АТЫҒАЙ, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ 4 КУРС СТУДЕНТІ: Ол кісі менің топ жетекшім.  Екінші анамдай болып кетті. Колледж ұжымында ол кісінің қаншалықты сыйлы екендігін бәріміз білеміз. Мұғалімнің тәлімін алып жатқан үшін мен қуаныштымын.  Сабақ барысында біз әр түрлі интерактивтідүниелер қолданылады. Топтық, жеке жұмыстарды жоғары деңгейде жүргізеді. Жеке тұлға болып қалыптасуымызға үлкен көмегін тигізіп, ақыл берген үшін Менің өміріме екінші дем берген, нәр берген ұстазымды 50 жылдығымен құттықтаймын. 

РКС: Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі ұстаздардың қолында. Мұғалім тек сабақ беріп қана қоймай, әдістемелік оқулықтар жазуға дағылануы тиіс. Дәл осындай мақсатпен Гүлжәнат Серкешбаева 2018 жылы Қарағанды баспасынан “Тәрбие- тәлім құралы”, “Мәнерлеп оқу” атты оқулықтар шығарды. Биыл 50 жылдық қарсаңында  “Орайлы сөз өрнегі” атты еңбегі жарық көрді. 

АИДА ХАМИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ