ДК: Қазан айының басындағы қос мереке қарсаңында Зеренді ауданына қарасты 10 ауылдық округ әкіміне қызметтік көлік кілті табысталды. Айталық, ауыл әкімдерінің қызметтік көліктері 7 жылда бір жаңартылып тұрады. Ал, осы жолғы қызметтік көлік кілтін ауыл басшыларына облыс әкімі Ермек Маржықпаев өзі табыстады. 

ЕСТ.ШУМ: КІЛТ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ

РКС: Жалпы Зеренді ауданында 22 ауылдық округ бар. Соның 10-ы мереке қарсаңында «НИВА» автокөлігінің кілтін алды. Олардың қатарында ауданға шалғай орналасқан ауылдар мен Зеренді ауылының өз басшысы да бар. 

СНХ: НҰРТАС ӘБУҒАЛИЕВ, ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:  Мереке қарсаңында жаңа көлік алып жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Бұл біздің жұмысымызға керек. Материалдық базамыз жаңарып жатыр. Алғысымызды айтамыз.

 РКС: Ауыл халқының әлеуетін арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту. Өз кезегінде өңір басшысы ауыл әкімдеріне осындай міндет қойды. Сондай-ақ, зерлі Зерендіде атқарылып жатқан ілкімді істерге жеке тоқталды. 

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Бүгінгі күні аудан орталығында 2 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.  Тарихи – өлкетану музейінің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. 5 көшеге асфальт төселді. Блок-модульді жылу қазандығы іске қосылды. Әлеуметтік дүкендер ашылып, мәдениет нысандары жаңартылды. Бірлестік және Сәкен Сейфуллин ауылдарына су тартылды. Қонысбай және Садовое ауылдарындағы жол құрылысы аяқталды.

РКС: Айталық, қызметтік көліктер толығымен жергілікті бюджет есебінен алынған. 10 көліктің жалпы соммасы 58 млн.теңгеге жуықтайды. 

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»