ДК: Қазіргі таңда ғаламтор кеңістігінде кез келген ақпарат қолжетімді. Әлеуметтік желіде батырманы басып, қалаған бейнероликті көруге болады. Медицина саласының маманы TikTok платформасында пайдалы ақпаратпен бөлісіп, емдеуге байланысты мифтерді сейілтеді. Көкшетау қалалық емханасының фельдшері Вадим Нурисламовтың есімі Қазақстаннан тыс, шет елдерге де танымал.  

РКС: Ұялы телефонның ар жағынан адамдарға көмек көрсететін танымал фельдшер-блогер Вадим Нурисламов Көкшетау қаласының тумасы. Ол облыс емханасының жедел жәрдем бөлімшесінде фельдшер болып жұмыс істейді. Алғаш рет карантин кезінде түрлі бейнеролик түсіріп, әлеуметтік желіге жүктей бастаған. Осылайша танымал бола бастаған. Қазір оқырманының  саны 900 мыңға жуықтапты. Бұл істі бастаған себебім- қиын мағлұматты жалпақ тілде жеткізіп, қоғамға титтей де болса пайдамды тигізу,-дейді фельдшер-блогер.

СНХ: ВАДИМ НУРИСЛАМОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БӨЛІМШЕСІНІҢ ФЕЛЬДШЕРІ: Мен алғаш рет “бір жасқа дейінгі балаланың тамағына бөгде зат тұрып қалған кезде қандай көмек беру қажет” тақырыбында бейнеролик түсірдім. Таяуда бір оқырманым Инстаграм желісінде алғысын білдірген ұзақ хабарлама жіберді. Ол мен көрсеткен Геймлих әдісін қолдану арқылы баласының өмірін сақтап қалған екен. Дайректе кері байланысқа көп шығамын. 

РКС: Вадим Нурисламов негізгі жұмысы мен блогерлік белсенділік біртұтас деп қайырды. Танымал блогердің алғашқы бастамаларына жұбайы қолдау көрсеткен. Ол оқырманы әрі жолдасы ретінде өз ойымен бөліседі. Медициналық терминді халыққа түсінікті болу үшін қарапайым тілде түсіндір деп ұсыныс білдірген де жұбайы екен.   

СНХ: ЮЛИЯ НУРИСЛАМОВА, ЖҰБАЙЫОтбасы құрғанымызға  12 жылдан асты. Қызымыз бар. Жұбайым күнделікті өмірде өте байсалды, салмақты. Әлеуметтік желіде ақпаратпен бөлісіп, өзін-өзі түсіреді деп еш ойламаппын. Оны көшеде жүргенде, таксиге отырған кезде тани бастады. Бірақ, біздің отбасымызға бұл еш кері әсерін тигізбейді. Сенің қолыңнан келеді, мен сенімен біргемін деп әрқашан оған қолдау көрсетемін.

РКС: Түсірілім, сценарий, монтаж- барлығын Вадим өзі жасайды. Кейбір бейнетүсірілімдердің идеясы дәрігер жұмыс бабымен сырқаттарға шақырту алып, қайтып келген кезде өздігінен пайда болады. Аталған хоббиге әріптестері де қолдау көрсетіп келеді. Оның ролигін кездейсоқ көріп, таң қалдым,- деп әріптесі бөлісті.

СНХ: ӘСЕМ ЛЯТАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ  ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БӨЛІМШЕСІНІҢ АҒА ФЕЛЬДШЕРІ: Вадимды мен 2009 жылдан білемін. 17 жылдық тәжірибесі бар.Шұғыл шақырудан немесе ауруханаға жатқызу кезінде түсіріп, өзін салады. //02:08// Өз көмегін көрсетіп жатыр.  Біз үшін қарпайым болып көрінеді, бірақ көпке парацетамолды қабылдауды да түсіндіру керек. 

РКС: Шілде айында блогер TikTok-тың өзінен шақырту алып, Алматыда өткізілген форумға қатысты. Сол шарада Вадим «Намыс» қоғамдық бірлестігінің «Ел Құрметі» медалімен марапатталды. 

АИДА ХАМИТОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ