ДИКТОР: «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды. Бұл бастама арқылы аз қамтылған отбасылар жылдық үстеме 2 процентпен 18 жылға ипотекалық несие рәсімдей алады. Бүгінге дейін жоба аясында 14 мыңнан аса қазақстандық отбасы қоныс тойын тойлады.
РКС: Жеке баспанаға қол жеткізу оңай емес. Бүгінде тірнектеп тапқан табысын жалдамалы пәтерге әзер жеткізіп жүрген отбасылардың қатары көбейген. Үйлі болуды армандағандардың бар үміті-мемлекеттік бағдарламалар. Өйткені, баспана сатып алуға қажетті қаражатты қазіргі қарапайым жұмысшының қалтасы көтермейді. Ал жекеменшік банктердің талабы көп, мөлшерлемесі жоғары. Тұрғын үй мәселесі әсіресе, аз қамтылған отбасылар үшін өзекті. Осыдан үш жыл бұрын бастау алған «Бақытты отбасы» бағдарламасы бұл проблеманы біртіндеп шешуге бағытталған. Енді оның талаптарына тоқталсақ.
ИНФОГРАФИКА МӘТІНІ: Бағдарламаға қатысу үшін жергілікті органда тұрғын үй кезегінде тұру қажет. Көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар өтінім бере алады.
ИНФОГРАФИКА:
ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ:
- Көпбалалы отбасы
- Толық емес отбасы
- Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасы
ИНФОГРАФИКА МӘТІНІ: Бастапқы жарна мөлшері пәтер бағасының 10 процентін құрауы қажет. Несие екі пайыздық үстемемен 18 жылға беріледі. Ипотека сомасы ірі қалаларда 15, басқа өңірлерде 10 млн теңгеге дейін.
БАҒДАРЛАМА ШАРТТАРЫ:
- Бастапқы жарна 10 процент
- Екі пайыздық үстемемен 18 жылға дейін
- Ипотека сомасы ірі қалаларда 15, басқа өңірлерде 10 млн теңгеге дейін
СНХ:САМАТ ҚОЖАҒАЛИЕВ, «ОТБАСЫ БАНКІ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жилье можно купить только в том регионе, где очередник стоит в очереди в акимате. Начиная с 2019 года по сегодняшний день по данной программе получили жилье по Акмолинской области 469 семей. /// Тұрғын үйді қай аймақта әкімдікте кезекте тұрсаңыз, сол жерден ғана алуға болады. Өңірде де бұл бағдарлама сәтті жүзеге асып жатыр. Соңғы үш жылда 500-ге жуық отбасы баспаналы болды.
РКС: «Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім беруге асыққандардың бірі-Айна Өмірзақова. Ол төрт баланың анасы. Жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрғанымен, баспанаға әлі де қол жеткізе алмаған. Пәтер жалдаудан шаршаған ол осы бастаманың жемісін көрсем,-дейді.
СНХ: АЙНА ӨМІРЗАҚОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Көпбалалы отбасымыз. Осы «Бақытты отбасы» бағдарламасы басталды дегенді естігенде мен бірден құжат жинай бастадым. Әрине, бұл өте жақсы бағдарлама деп ойлаймын. Әсіресе әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларға +скл+ көрсетіліп отырған үлкен көмек.
РКС: Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыру үшін қазынадан 51 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Еліміз бойынша осы жылдың өзінде 5 мыңнан астам жанұя баспаналы болмақ.
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»