ДК: Көптен күткен тарихи сәт. Референдум басталды. Таңғы сағат 7-ден бастап өңірдегі барлық сайлау учаскелері өз жұмысына кірісті. Дәл қазір облыс орталығындағы сайлау учаскелерінің бірінен әріптесім  Абзал Азаматұлы тікелей байланысқа шыққалы тұр. Абзал саяси науқанға деген көкшелік ағайынның белсенділігі қалай?

STAND-UP: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ТІЛШІ: Рахмет студия. Ассалаумағалейкум құрметті телекөрермендер.  Иә, жергілікті тұрғындардың  референдумға деген белсенділігі жоғары. Барлығы тәң сәріден келіп,  өз таңдауларын жасауда. Дәл қазір біз «Көкшетау» мәдениет сарайының ғимаратында орналасқан №19 сайлау учаскесіндеміз. Менің жанымда осы учаскенің төрағасы Бибігүл Қожанова да тұр. Бибігүл Санаққызы осы учаскеге қанша адам тіркелген? Дауыс берушілерге қандай талап қойылып жатыр?

СНХ: БИБІГҮЛ ҚОЖАНОВА, №19 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: 

STAND-UP: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ТІЛШІ: Рахмет, Бибігүл Санаққызы. Жұмыстарыңызға сәттілік тіледік. Енді осы ретте біз дауыс беруге келіп жатқан халықтың біртіндеп көбейіп келіп жатқанын көріп тұрмыз. Саяси науқан жайлы жергілікті бұқараныңда ойын білдік.

СНХ: ЕРЛАН АХМАҒАНБЕТОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

STAND-UP: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ТІЛШІ: Рахмет. Айталық, саяси науқан кешкі сағат 8-ге дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында 18 жасқа толған барлық ел азаматтары өз дауысын беріп, сайлауға қатысуға мүдделі екенін еске саламыз. Мендегі бар ақпарат әзірге осы. Әріптестер..