ДИКТОР: Еркін Әуелбеков ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі ғылыми-практикалық конференциямен жалғасын  тапты. Оған қоғам қайраткерінің замандастары, туыстары мен талай жыл иық тірестіріп, бір салада қызмет еткен әріптестері шақыртылды. Шара барысында Еркін Нұржанұлының өмірінен сыр шертетін ролик көрсетіліп, жиналғандар өз естеліктерімен бөлісті.

РКС: Мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Әуелбеков Мәскеуде білім алып, еліміздің бірнеше өңірлерінде еңбек еткен. Солтүстік Қазақстан, Торғай, Қызылорда облыстарының ауыл шаруашылығы саласының дамуына айтарлықтай үлесін қосқан,-дейді шара қатысушылары. Жиын барысында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Мәлғаждар Тәткеев Еркін Нұржанұлының өлшеусіз еңбегі туралы сөз қозғады.

СНХ: МӘЛҒАЖДАР ТӘТКЕЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Он жыл бойы астық сияқты шашылған қазақ ауылдарын біріктіріп, қырыққа жуық совхоздар құрды. Облысқа келген ол кадр саясатында өрескел бұрмалаушылықтардың жолын кесті. Облыстың рухани өмірінде үлкен серпіліс болды. Қазақ мектептері ашыла бастады.

РКС: Осындай ауыз толтырып айтарлықтай еңбектері үшін 1998 жылы Еркін Әуелбековке «Көкшетаудың Құрметті Азаматы» атағы берілген. Ал, конференцияға арнайы келген Владислав Косарев болса, «Еркін Әуелбеков – өшпес жұлдыз» деді. Экс депутаттың айтуынша, қоғам қайраткерінің дара жолы көпке үлгі. Бұл ойды Еркін Нұржанұлымен 10 жылдан астам уақыт әріптес болған Балтабай Ақпенбетов те растады.

СНХ: БАЛТАБАЙ АҚПЕНБЕТОВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:  Барған жердегі кемшіліктерді көрсек, оған тапсырма беріп, оның орындалуын қадағалау. Ең бірінші мәселе сол болды. Халықпенен тіл таба білді. Әр барған жерінде ақсақал болсын, жас болсын. + 06:50-06:55 Бәрімен де сөйлесіп, олардың өтініштері болса, орындап отырды

РКС:  Еркін Әуелбеков отбасында қамқор аға, үлгілі әке болса, қызметте сенімді әріптес, ақылшы бола біліпті. Оның замандастарының ендігі мақсаты: қазақтың маңдайын біткен асыл ердің дара жолын өскелең ұрпаққа насихаттап, үлгі еті.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, САБЫР ШЕРИЯЗДАНОВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»