ДИКТОР: Өңірде еліміздің ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен ел ағасы, мемлекет және қоғам қайраткері, социалистік Еңбек Ері Еркін Нұржанұлы Әуельбековтың 91 жылдығына арналған іс-шара өтті. Бұл күні мемориалдық тақтаға гүл шоқтары қойылып, қайраткердің аруағына тағзым етілді.
РКС: Көрнекті мемлекет қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Еркін Әуелбеков 10 жылға жуық Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды. Қызметке келген күннен бастап, аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен жете танысып, өзекті мәселелердің шешімін таба білді.
СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ///қазақша/// Еркін Нұржанұлы Әуелбеков – көзі тірісінде ұлттың жанашыры екендігін мойындата білген тұлға. Туған халқының мүддесін қорғау жолында сан мәрте басын бәске тігіп, арына дақ түсірмей, бәйге төрінен көріне білген саясаткер. Жүсіп Баласағұн «Адам – бұл дүниеге қонақ, оның өмірі өткінші, сондықтан ол артына жақсы ісі мен жақсы сөзін қалдыруы керек» деген сөзін біздің ағамыз Еркін Нұржанұлы Әуелбеков толықтай орындады.
РКС: Еркін Әуелбеков қызметте болған жылдары Көкшетау облысы бұрынғы Кеңес Одағында халық шаруашылығы саласын дамыту бойынша алдыңғы қатарлы облыстарға айналды. Қала мен облыстың экономикасы мен мәдениетін дамытудағы, оның әл-ауқатын жақсартудағы ерекше еңбегі үшін Еркін Әуелбековке 1998 жылы «Көкшетау қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
СНХ: ОРАЗКЕН НҰРТАЗИН, «ЕРКІН ӘУЕЛБЕКОВ ҚОРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ///қазақша/// 2020жылы наурызда «Еркін Әуелбеков қоры» құрылды. Міне 1 жыл 3 ай өтті. Қор жаңа туған баладай еді. Енді қазір міне аяққа тұрдық. +++СКЛ (00:45) Мына сіздерге барлықтарыңызға қордың атынан рахмет! Бірінші қор құрылғанда ең бірінші ақша зейнеткерлерден, бұрынғы директорлардан 220 мың ақша түсті. Одан туыстарынан солай-солай қорға ақша жинала бастады. +++СКЛ(02:56) Мұндай кісілер болғанда Еркін ағаның есімі өшпейді.
РКС: Еске алу кешінде Еркін Әуелбековтің үзеңгілес жолдастары мен қызметтес әріптестері жиналып, қоғам қайраткері жайында өз ойларын білдірді. Ақмолалық зиялы қауым мен ардагерлердің бастамасымен өңірдің даму жолында аянбай қызмет еткен қоғам қайраткеріне ескерткіш орнатылады.
СНХ: ШИЯП ӘЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ///қазақша/// Бүгін қазақ халқының біртуар азаматы, қоғам қайраткері, Мемлекет қайраткері Еркін Нұржанұлы Әуелбековтың туған күні. Соған біз жылда осы 22 маусым күні осындай іс-шара өткіземіз. Мінекей ескерткіш салайын деп отырмыз. Барлық шешім шықты. Жер берілді. Қор құрылды. Соған ақша жинап жатыр. Жалғыз Көкшетау маңайы ғана емес, Қызылорда қаласы да ақша жинап ұйымдастырып жатыр.
РКС: Мемлекеттік қызметті мінсіз атқара жүріп Еркін Нұржанұлы өзін ары таза, дарынды басшы ретінде танытты. Сондықтан көп жылдан кейін де оның жарқын бейнесі жерлестерінің жадында қалады.
МАДИНА ҚАДЫРБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ