Бурабай ауданында 44 адам астан ұшынды. Олардың Бурабай кентінде дұғада болғаны белгілі. 28 науқас сол қонақ асына қатысқан. Ал қалған 16-сының сол жерден әкелінген етті жегені анықталды. Қазір 10-ы амбулаторлық емделуде, ал 34-і аудандық аурухананың инфекциялық бөлімшесінде ем қабылдауда. Олардың 8-і 14 жасқа толмаған балалар. Барлығының дене қызуы көтеріліп, құсып, өздерін әлсіз сезінген. Қазір науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Аталған дерек бойынша дәмханаға жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Жұмыстар жалғасуда, ұшынудың нақты себебі әлі анықталған жоқ.

Ермек Елберген